Дзюдо

Абиба Әбужақынова тағы да жанкүйерлерін қуантты

Грузияның астанасы Тбилиси қаласында басталған Grand Slam жарысында 48 келіде ел намысын қорғаған Әбиба Абужақынова қола медальға ие болды.

Қазақ қызы жарысты екінші айналымнан бастаған. Қарсыласы – Украинадан келген Марья Буйок болған. Абиба екі рет вазари ұпайын алып, келесі кезеңге өтті. Ширек финалда израильдік Малка Тамарды иппонға түсірді. Ал жартылай финалда сербиялық Милица Николичке шамасы жетпеді. Негізі, қазақстандық оны бұрын жеңген. Ал қола медаль үшін белдесуде испаниялық Лаура Мартинезден басым түсті.

Сөйтіп, биылғы жылғы үшінші жүлдесіне ие болды. Ол жыл басталғалы барған жарысынан бос қайтқан емес. Португалиядағы Гран-приде алтын, Франциядағы Гранд-слэмде қола.

Басқа жаңалықтар

Back to top button