56 жастағы футболшы Португалия клубының сапында алаңға шықты
Миура дебютін 56 жастан бір ай 24 күн асқанда жасап отыр
Жапониялық шабуылшы Кадзуеши Миура Португалияның екінші лигасындағы «Оливейренсе» футбол клубының құрамында дебютін өткізді, деп хабарлайды qazaqsporty.kz
Ол 29-турда «Академики де Визеуге» қарсы өткен матчтың екінші таймына қосылған уақытта алаңға шығып, қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді. Осылайша Миура дебютін 56 жастан бір ай 24 күн асқанда жасап отыр. Ақпан айының басында Миура маусымның соңына дейін жапонның «Йокогама» клубынан «Оливейренсеге» жалға берілді.
Бұл Миураның еуропалық футболдағы алғашқы қадамы емес: 1999 жылы ол 32 жасында Хорватияның «Динамо» клубында ойнады, ал оның алдында итальяндық «Дженоа» клубының нымысын қорғады.
Ол Жапония құрамасының ең үздік сұрмергені және ең қарт ойыншысы: 89 матч өткізіп, 55 гол соқты.
Қазіргі уақытта «Оливейренсе» Португалияның екінші лигасында тоғызыншы орында келеді, 29 матчта 37 ұпай жинады.
Айта кетейік, 1997 жылы Миура Жапония құрамасының құрамында 1998 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы алаңға шығып, Алматыдағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.