Шетел жаңалықтары

«Боруссия» Бундеслига көшбасшысы атанды

«Айнтрахт» 42 ұпаймен тоғызыншы орында

Бундеслиганың 29-турында Дортмундтың «Боруссия» клубы Франкфурттың «Айнтрахт» клубын қабылдады, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Кездесу қожайындардың жеңісімен аяқталды – 4:0. 19-минутта Джуд Беллингем «Боруссияны» алға шығарды. Бес минуттан кейін Даниэль Мален есепті еселеді. Бірінші таймның соңында Матс Хуммельс есепті 3:0-ге жеткізсе, 66-минутта Мален екінші голын соқты.

Жеңіс «Боруссияға» Германия чемпионатының турнирлік кестесінде көш басына шығуға көмектесті. Команда 29 матчта 60 ұпай жинады.

«Айнтрахт» 42 ұпаймен тоғызыншы орында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button