Жеңілмеген жеңіл салмақ өкілдері (61,2 кг-ға дейін) американдық Джервонта Дэвис (28-0, 26 КО) пен Райан Гарсия (23-0, 19 КО) Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде өзара кездесті.
Он екі раундқа есептелген жекпе-жек келісілген салмақта (61,7 кг-ға дейін) өтті. Ал жеңіс жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірген Дэвиске бұйырды. Үшінші раундта Гарсия нокдаунға түсті.
Осылайша, Джервонта кәсіпқой бокстағы 29 жеңісіне қол жеткізді, ал Райан мансабында алғашқы жеңіліске ұшырады.