Бокс

Кеңес Рақышев әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшылара 100 мың доллар береді

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионаты алдында Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын ұлттық құрамаға сәттілік тілед

 

Бокс – еліміздегі ең танымал әрі ең нәтижелі спорт түрі. Сондықтан, Ташкенттегі әлем чемпионаты жанкүйерлердің ерекше назарында болары анық. Қазақстан бокс федерациясы, бапкерлер және спортшылардың өздері алдағы додаға тиянақты дайындалу үшін бар күш-жігерін жұмсады. Соңғы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленіп, тамаша нәтиже көрсеткенін өздеріңіз білесіздер. Енді, Ташкентте біздің былғары қолғап шеберлеріміз бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенеміз, -деп жазды Кеңес Рақышев.

Ол жанкүйерлерден спортшыларымыз қолдау керектігін айтты.

Демеу болса, ұлттық құраманың боксшылары аянып қалмасы анық. Бірлік бар жерде — тірлік бар. Барлығымыз бір жұдырық болып жұмылсақ, алынбайтын қамал жоқ. Әлемдік аренада тағы бір мәрте үздік атану үшін қауқарымыз жетеді.Жігіттермізді ынталандыру мақсатында, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дәстүрлі түрде өз қаражатымның есебінен қосымша сыйақымен марапаттаймын. Чемпиондарға 100 мың АҚШ доллары қарастырылған, — деді федерация президенті.

Әлем чемпионатының басталуына тура бір апта қалды. Жарыс 1-14 мамыр аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысады деп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button