Бокс
Қазақстандық боксшылардың Ташкенттегі жаттығуынан видео жарияланды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте жаттығуға кірісіп кетті.
Бұл туралы Бокс федерациясына сілтеме жасай отырып Қазақ спорты хабарлайды.
Шымкенттен Ташкентке дейін 130 шақырым. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қожайындары — Ташкент қаласында. Құрама алғашқы жаттығуын өткізді. Басты жаңалықтар әлі алда! Бізбен бірге болыңыздар, құрметті жанкүйерлер! Бірге жеңіске жетеміз! – делінген федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін әлем чемпионатына қатысатын құрама тізімін назарларыңызға ұсынғанбыз.
Әлем біріншілігі 1-14 мамыр аралығында өтеді.