Басты

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатын аяқтады

Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов есе жіберді.

2021 жылы Белградта өткен дүниежүзіік додада топ жарған Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында үнді боксшысынан ұтылды. 51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз аталған жарыстың басты фавориттіне баланған еді. Алайлда іріктеу кезеңінде ол үндістандық Дипак Кумармен шеберлік байқасқан еді.

Жекпе-жек барысында Сәкен Бибосынов барын салып, басымдық танытқандай көрінген. Алайда шешуші сәтте төрешілер жеңісті үнді спортшысына берді.

Бұған дейін 67 және 71 келіде сынға түскен боксшылар жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі сында ұлттық құраманың тағы үш мүшесі сынға түседі. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button