Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Тараздық спортшы жартылай финалға шығатын сында француз Макан Траоремен кездеседі
Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов ширек финалға шықты.
71 келіде сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Израиль боксшысы Мирослав Капулер-Ищенконы айқын басымдықпен (5:0) жеңді. Сөйтіп, ширек финалға өтті.
Тараздық спортшы жартылай финалға шығатын сында француз Макан Траоремен кездеседі. Франциялық былғары қолғап шебері бүгінгі сында 2021 жылы Белградта әлем чемпионы атанған жапон боксшысын қапы қалдырды.
Асланбек Шымбергенов бұған дейін әлем біріншілігінде жүлдеге қол жеткізбеді. Ол осыдан екі жыл бұрын дүниежүзілік сынның ширек финалында украиналық Юрий Захариевке есе жіберген еді. Нәтижесінде Украина спортшысы Сербияда жеңімпаз атанған болатын.
Ташкентте өтіп жатқан чемпионатта чемпион атанған спортшылар арасында боксшыларға үздік техникасы үшін Вел Баркер кубогын табыстайды. Аталған кубокты ІВА 2021 жылы әр чемпионат сайын шеберлігімен көзге түскен спортшыға тапсыру туралы шешім қабылдаған. 2021 жылы Бақтияр Артаев Баркер кубогын кубалық 63,5 келіде сол сында әлем чемпионы атанған Энди Крузға табыстады.