Басты
Бес боксшымыз финалда өнер көрсетеді
Қазақстан құрамасынан соңғы болып Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Осылайша бес қазақ боксшысы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан біріншіліктің финалында өнер көрсетеді.
80 келідегі Нұрбек Оралбай жартылай финалда Ресей боксшысы Имам Хатаевтан басым түсті. Отандасымыз финалда Қытай құрамасының мүшесі қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен жұдырық түйістіреді.
Бұған дейін төрт қазақ боксшысы финалға шыққан: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі).
Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 миллион доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске – 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі. Ал Қазақстан бокс федерациясының отандық боксшылардан жеңімпаз атанғанына 100 мың доллар береді.