Басты

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшысы әлем чемпионы атанды

Руслан Абдуллаев финалда моңғол боксшысын ұтты.

Өзбекстан құрамасының боксшысы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Абдуллаев моңғол Чинзориг Баатарсухпен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңді. Осылайша, Руслан Абдуллаев әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Абдуллаев Азия чемпионы деген атағы да бар.

Ал оның қарсыласы Баатарсух Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері: 2017 жылы күміс, 2019 және 2022 жылдары қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл әлем чемпионатында төрт алтын медаль жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button