Басты

Бокстан әлем чемпиондарын дайындаған бапкерлерге Президенттің Құрмет грамоталары табысталды

Бұл біріншілікте құрамамыз төрт алтын мен бір күміс медаль жеңіп алып, жалпы медаль саны бойынша екінші орынға ие болды.

Мәдениет және спорт министрі Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрамасын дайындаған жаттықтырушылар штабымен кездесті.

Бұл біріншілікте құрамамыз төрт алтын мен бір күміс медаль жеңіп алып, жалпы медаль саны бойынша екінші орынға ие болды.

Жаттықтырушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамоталары табысталған. Мәдениет және спорт министрлігі атынан ұлттық құраманың медицина қызметкерлері мен Қазақстан бокс федерациясының өкілдері де Алғыс хат алды.

Министрдің айтуынша, кездесу барысында спортты одан әрі дамыту перспективалары мен осы саланың өзекті мәселелері талқыланған.

Министрлік жұмыс істеп тұрған спорттық медицина орталығын кезең-кезеңімен жаңғыртуға, қалпына келтіру процесіне жаңа технологияларды енгізуге, ұлттық құрама командаларды нутрициологтармен, оңалтушылармен, психологтармен және басқа да салалық мамандармен қамтамасыз етуге ниетті. Жас спортшыларды даярлау кезінде олардың жас, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін болады. Осы іс-шаралар министрлік дайындаған алдағы бірнеше жылдағы дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасына енгізілген, — деді ведомство басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button