Шетел жаңалықтары
«Манчестер Сити» – Англия кубогының жеті дүркін жеңімпазы
Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен матч 2:1 есебімен «қалалықтардың» пайдасына шешілді.
Англия кубогының финалдық ойынында «Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» кездесті.
Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен матч 2:1 есебімен «қалалықтардың» пайдасына шешілді.
Жеңімпаздар сапында Илкай Гюндоган дубль (1-ші және 51-минуттар) авторы атанды. МЮ-ден Бруну Фернандеш мергендік танытты (33, пенальтиден).
Гюндоган ойынның 12-секундында гол соғып, Англия кубогы финалдарының тарихындағы ең жылдам гол авторы атанды.
«Ман Сити» өз тарихында осымен жетінші рет кубокты бастарына көтерді (1903/04, 1933/34, 1955/56, 1968/69, 2010/11, 2018/19, 2022/23).
Ал «Манчестер Юнайтед» 12 рет топ жарған. Әзірге кқш басында «Арсенал» тұр – 14 рет.
Өткен маусымда кубокты «Ливерпуль» үздік шықты.