БастыВелоспорт

Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды

Ерлер арасындағы 156 шақырым болатын топтық жарыста ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды

Бүгін Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып Қазақ спорты хабарлайды.

Ерлер арасындағы 156 шақырым болатын топтық жарыста ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, тәжірибелі Евгений Гидич күміс медальге қол жеткізді. Ал үздік үштікті жапониялық велошабандоз Юкия Араширо түйіндеді.

Сары құрлық чемпионатының нәтижесінде Қазақстан құрамасы 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алды. Екінші орынды жарыс қожайыны Таиланд алса, үздік үштікті Вьетнам түйінеді.

Биылғы бәсекеде барлығы 15 ел жүлдеге қол жеткізді. Жалпы Районгта сары құрлықтың 27 елінен келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсті. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button