Күрес

«Қазақстан барысы» турнирінің жүлде қоры жарияланды

Турнир 2 шілде күні «Барыс Арена» спорт кешенінде сағат 12:00-де басталады

Елорда күні қарсаңында дәстүрлі «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып Қазақ спорты хабарлайды.

Биыл турнир жылдағыдан қарағанда өзгеше өткелі отыр. Жаңа облыстардың ашылуына байланысты жарысқа қатысушылардың саны артты. Биыл 41 палуан бақ сынайды. Оның ішінде 33 палуан облыстардан, 2 спортшы «Әскер барысынан» және 3 қаладан тағы 6 спортшы қатысады, — деді «Қазақ күресі» қауымдастығы төрешілер алқасының төрағасы Қайрат Пазылбек «Қазақстан барысы» турниріне орай елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, іріктеу кезеңі барлық облыста өтті. Іріктеу алдымен аудан орталығынан басталады. Одан өткендер облыстық сынаққа жолдама алады.

«Қазақстан барысы» турнирі – қазақ күресін дамыта түсуге серпін берген жоба. Палуандар бұл шараны асыға күтеді, — деді ол.

Ертең сағат 19:00-де «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында палуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Турнир 2 шілде күні «Барыс Арена» спорт кешенінде сағат 12:00-де басталады. Кіру тегін.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, турнирдің жалпы жүлде қоры – 40 млн теңге, оның ішінде жарыс жеңімпазына 25 млн теңге сыйақы беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button