Француз клубының ресми сайты команданың бас бапкері Кристоф Галтьемен келісімшарттың бұзылғанын растады.
«Пари Сен-Жермен» Кристофа Галтьеге және оның көмекшілері Тьерри Олексиак пен Жоао Сакраментоға маусым бойы көрсеткен кәсібилік, жанкештілік үшін алғыс айтамыз. Оларға алдағы карьерасында табыс тілейміз! – делінген мәліметте.
Галтье «Пари Сен-Жерменге» 2022 жылғы 5 шілдеде келген. Оның қарамағында клуб 1 лигада 11 титулға қол жеткізді.
Бұған дейін Галтье «Ницца», «Лилль» және «Сент-Этьен» клубтарында қызмет атқарған.