Басты
Испан теннисшісі Уимблдонда топ жарды
Лондондағы Орталық алаңда ерлер арасында Уимблдон-2023 жеңімпазы анықталды.
Жеңімпаз атағы үшін әлемнің 1-ракеткасы испаниялық Карлос Алькарас пен екінші ракетка сербиялық Новак Джокович таласты.
Кездесу Алькарастың жеңісімен аяқталды — 1:6, 7:6 (8:6), 6:1, 3:6, 6:4. Бес сетке созылған ойын 4 сағат 42 минут бойы жалғасты.
Осылайша испан осымен екінші рет Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетті.