Шетел жаңалықтары
Алматыда хиджабсыз өнер көрсеткен ирандық шахматшы азаматтығын ауыстырды
Алматыдағы турнирде хиджабсыз өнер көрсеткен ирандық шахматшы Испания азаматтығын алды
Түрмеге түсу қаупі төніп тұрған ирандық шахматшы Сарасадат Хадемальшарие енді Испания азаматы атанды.
Сара Хадем деп танылған Сарасадат Хадемальшарие былтыр желтоқсанда Алматыда жылдам шахматтан турнирге қатысты.
Иран заңдарының талабына қарамастан, Сарасадат Хадемальшарие турнирде хиджабсыз өнер көрсетті. Осыдан соң Иран 22 жастағы спортшыны қамау туралы санкция берді. Бойжеткен отанына оралудан бас тартты.
Сарасадат Хадемальшариенің сөзіне қарағанда, ол өзінің бұл әрекетіне еш өкінбейді.