Шетел жаңалықтары
Альварес Биволмен реванштан неліктен бас тартқанын түсіндірді
Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволдың (21-0, 11 КО) орнына неліктен америкалық Джермелл Чарломен (35-1-1, 19 КО) айқасқа түсетінін айтты, деп хабарлайды "Қазақ спорты".
«Канело» мен Джермелл Чарло арасындағы жекпе-жеке 30 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Тырысым көрдім. Реванш жайлы келісуге тырысып көрдік, бірақ олар келіссөздерді күрделендіріп жіберді – үнемі жаңадан талап қоса берді. Сол кезде әрі қарай жылжуы әлдеқайда дұрыс шешім болатынын түсіндім. Қазір Эл Хэймонның Premier Boxing Champions-пен бірге жұмыс істеп жатырмын. Реванш өткізгім-ақ келген. Бірақ әзірге бұл мүмкін емес, — дейді Альварес.