Шетел жаңалықтары
«Әл-Наср» бапкері Роналдудың жаттығуына баға берді
«Әл-Наср» клубының бапкері Луиш Каштру португалиялық жұлдыз Криштиану Роналдумен жұмыс істеу қалай екенін айтты, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Маман футболшының кәсібилігіне тоқталып, 38 жастағы шабуылшының клубтың қарқынына қосқан үлесі жайлы сөз қозғады.
Роналду туралы әлем білмейтін ерекше факт айту қиын. Ол күнделікті жаттығу жұмыстарына өте көп уақыт жұмсайды. Оның командалас әріптестеріне беретін энергиясы да сұмдық. Күнделікті жаттығуі, қалыпқа келуі – таңғажайып дүние. Ол әр күнін өзі қалағандай етіп өткізетін нағыз капитан. Тамақтану, ұйқы, өз денесін толықтай басқару. Алаңда ол ерекше ойыншы. Оның өз шегінен де асып кете алатын қабілеті бар, — деді бапкер.