2009 жылы павлодарлық «Ертіс» сапында Премьер-лигада дебют жасағаннан бері Елдос «Тараз», «Астана», «Қайрат», «Қайсар» және «Ақсу» сапында өнер көрсетті.
Мансабында екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Ахметов Қазақстан жастар құрамасында 9 рет алаңға шықса, ұлттық құрама сапында 17 кездесу өткізді.
Қазақстан футбол федерациясы Елдостың ел футболын дамытуға қосатын кәсіби үлесі мен үлкен перспективасын бағалайды. Ұлттық құрамалар департаменті футболшының кәсіби мансабын әрі қарай дамытуға көмектеседі, — делінген федерация мәліметінде.