Хоккей

Эдвард Паскуале Блинов кубогының үздік қақпашысы атанды

Астананың «Барыс» хоккей клубының қақпашысы Эдвард Паскуале Блинов кубогының үздік қақпашысы атанды, деп хабарлайды "Қазақ спорты".

Омбыда өткен турнирде елорда клубы топ жарғанын хабарлағанбыз. Андрей Скабелка шәкірттері мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, қорытынды «Нефтехимиктен» басым түсті.

32 жастағы Паскуале осы жазда «Барысқа» оралған. Канадалық Астана клубында 2019/2020 маусымда өнер көрсеткен. Сонымен қатар Құрлықтық хоккей клубында ол «Локомотив» пен «Металлургте» ойнаған.

«Барыс» ҚХЛ-дағы алғашқы матчын 2 қыркүйекте өз айдынында «Салават Юлаевпен» өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button