Басқа спорт түрлері

Азия чемпионаты: нысана көздеуден Қазақстан құрамасы үздіктер қатарында

Қазақстандық мергендер Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеуден XV Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр. 

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден ерлер арасында Асадбек Назиркулев, ал әйелдер арасында Зухра Ирназарова алтыннан алқа тақты.

Дәл осы сында Александра Садуакасова қола жүлде алды.

Сондай-ақ пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында Александра Ле мен Ислам Сатпаев жұбы 630.5 ұпаймен қолаға қол жеткізді.

Аталмыш бағдарламада жасөспірімдер арасында ел намысын қорғаған Руслан Загитов пен София Шульженко командасы үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, Чангвон қаласында өтіп жатқан дода 2 қарашада мәреге жетеді. Жарыста 30 мемлекеттен келген 800-ден астам мерген бақ сынап жатыр. Байрақты бәсеке кезінде Париж Олимпиадасының 24 жолдамасы сарапқа салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button