Футбол

Ақтөбеде еліміздегі ең үлкен стадион салынады

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаладағы жаңа футбол стадионының құрылысына қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Ақтөбеде Қазақстандағы ең үлкен стадион салынатыны туралы ақпарат тараған.

Құрылысқа қатысты талқылау жүріп жатыр, инвестор іздеудеміз. Сыйымдылығы жайында әзірге мәлімет бере алмаймыз. Үлкен стадион салынады, бұрынғысынан айырмашылығы болады, – делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Айта кетерлігі, «Ақтөбенің» Қазақстан чемпионаттарындағы ойындары мен еурокубоктардағы матчтарын көруге 50-ден 70 мыңға дейін көрермен ниет білдіреді.

Әзірге еліміздегі ең үлкен стадион – «Астана Арена» (30 мың 200 орын).

Басқа жаңалықтар

Back to top button