Хоккей

«Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді

Елорданың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Лада» (Тольятти) клубын қабылдады.

Бұған дейін қатарынан үш ойында жеңілген елордалықтар үшін бұл маңызды матч болатын. Алайда өз айданында да қарсыласқа шамасы жетпеді.

Ойынның 10-минутында ресейлік хоккейші Никита Попугаев соққан гол «Лада» командасын алға шығарды.

Екінші кезеңде олардың қатарынан Андрей Алтыбармакян 30, Трой Джозефс 38-минутта мергендік танытты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button