Теннис

АҚШ-та тұлпарға Елена Рыбакинаның есімі берілді

Қазақстандық теннисші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаның есімі АҚШ-та жүйрік тұлпарға берілді.

Тұлпар жарысқа 2023 жылдан бастап қатысып келеді екен. Үш жасар жылқы бүгінге дейін екі жарыста жүлделі орынға ие болған және 7 340 доллар табыс тауып үлгерген.

Айта кетейік, бұған дейін де асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімі берілген. 2020 жылы сәйгүлікке атақты боксшы Геннадий Головкиннің есімі берілген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button