Теннис

Ева Корышева Австралиядағы турнирді сәтті бастады

14 жасар қазақстандық теннисші Ева Корышева Австралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ATF Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz.

А тобына түскен Ақтөбе теннис мектебінің түлегі алдымен өзбекстандық Эмилия Кимді 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Содан кейін австралиялық Эмили Ченнен айласын асырды – 7:5, 6:0.

Енді Ева Корышева үндістандық Харита Ванкатешпен кездеседі. Өткен жылы осы жарыста астаналық Альбина Кәкенова финалға дейін жеткен еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button