Италияда өтіп жатқан аламанда 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын.
Жекпе-жек толығымен Айбектің басымдығымен өтіп, қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды.