Қазақстандық теннисші бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді.
Дмитрий Попко жекелей сында аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды – 6:4. Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды – 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді – 3:6.
Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңісті сериясы аяқталды.