Мейіржан Шермаханбет: Бішкектегі лицензиялық турнирге құрлық мықтыларының бәрі келеді
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Мейіржан Шермаханбет ұлттық құрама сапында Бішкекте өтетін лицензиялық турнирге дайындалуда.
Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы маңызды жарыс қарсаңында пікірімен бөлісті.
Лицензиялық жарысқа дайындық жақсы өтіп жатыр. Жақында ашылған жаттығу базасында дайындалудамыз. Бішкектегі жарысқа аз уақыт қалды. Осы уақыт аралығында жаттығу жиынын өткізудеміз. Жиын екі кезеңнен тұрады. Жалпы алғанда, бәрі көңілден шығады. Бапкерлеріміз бізді жарысқа бабынжа апару үшін бар күшін салып жатыр, — дейді Мейіржан.
Мейіржан Шермаханбет 67 келі салмақта сынға түседі. Бұл салмақта Олимпиада жолдамасына таласатын балуандар көп.
Менің салмағымда лицензияға кіл мықтылар таласады. Әлемдік сында ирандық балуан ғана Парижге жолдама алған. Қалғандары құрлық додасында күресіп көрмек. Негізгі қарсыластарым Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан спортшылары болмақ. Осал балуан жоқ, әрине. Ал мен Азия ойындарының финалында жеңілген жапондық жігіт бұл жарысқа қатыспайды, — дейді спортшы.
Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының күміс жүлдегері (2023), Азия чемпионы (2022) және әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018).