Бокс

Ангелина Лукасқа Олимпиадаға баруы мүмкін

Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер алқасы сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылған боксшылар құрамын бекітті.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, спаррингтік кездесулердің қорытындысы бойынша, бапкерлер алқасы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды. Тиісінше маңызды додаға іріктеу спаррингтері болғандықтан, боксшылар өз салмақ дәрежелеріне сай болуы керек. Әйтсе де салмақ бойынша сәл ауытқушылыққа рұқсат етіледі.

Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын болды. Өйткені Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алып қалған Римма Волосенконың қолы әлі жазылған жоқ. Сондықтан бапкерлер алқасы Волосенконы да, оның басты бәсекелесі Виктория Графееваны да Бангкок бәсекесіне қатысуы мүмкін боксшылардың қатарына қосты. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны алдағы уақытта өтетін оқу-жаттығу жиыны барысында белгілі болады.

50 келі:

Назым Қызайбай (1993)
Алуа Балқыбекова (1996)

54 келі:

Анель Сақыш (2000)
Жайна Шекербекова (1989)
Ангелина Лукас (1997)
Балауса Мұздыман (1997)
Элина Базарова (2004)
Сымбат Әлиасқар (2004)

66 келі:

Жасмин Қизатова (2002)
Лаура Есенкелді (2000)
Наталья Богданова (1999)
Дариға Шәкімова (1988)

75 келі:

Гүлсая Ержан (2001)
Валентина Хальзова (1996)
Жібек Жарасқызы (2003).

Басқа жаңалықтар

Back to top button