Басты

Қазақстандық блогерлерге букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынды

Қазақстандық блогерлер енді букмекерлік платформалар мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым салынды

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, блогерлерге де, өзге қазақстандықтарға да букмекерлік кеңселер мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым салынады. Заңға бағынбағандарға 60 АЕК, яғни 221 520 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Депутат блогерлер спорттық іс-шараларға бара алатынын, бірақ букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалай алмайтынын тілге тиек етті.

Жарнама тек спорттық объектілер, спорттық бағыттағы сайттар, телеарналар мен спорттық іс-шараларда ғана рұқсат етіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button