Басқа спорт түрлеріБасты
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Бүгін стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада лицензиясына иелік етті
Р Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ол трап жаттығуында финалға шықты. Ақтық сындағы 4 мергенде жолдама болғандықтан, қорытынды нәтижеге қарамастан финалға жеткен қалған 2 спортшы лицензияға қол жеткізді.
Мария осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген.
Былтыр Бакудағы әлем чемпионатында Мария аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанған.
Қазір Қазақстан қоржынында ойындардың 47 лицензиясы бар.