Астанада Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасындағы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф матчына жеребе тарту рәсімі өтті.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 1 ақпанда алғашқы болып Александр Шевченко өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – Музамиль Муртаза. Одан кейін Beeline Arena алаңындағы орталық кортқа Бейбіт Жұқаев пен Хузайфа Абдул Рехман шығады.
Екінші ойын күнін жұптық ойын бастайды: Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Акел Хан және Музамиль Муртаза жұбына қарсы ойнайды. Одан кейін екі жеке кездесу өтеді – Александр Шевченко Хузайфа Абдул Рехманмен, ал Бейбіт Жұқаев Музамиль Муртазамен кездеседі.