Қысқы спорт
Әлем чемпионаты: 10 шақырым қашықтықта ел намысын қорғайтын шаңғышылар анықталды
Тронхеймде (Норвегия) шаңғы жарысынан әлем чемпионаты жалғасуда.

Қазақстан бұл сайысқа ерлер және әйелдер құрамасымен қатысады.
Астана уақытымен 17:30-да ерлер арасындағы жарыс басталады. Біздің құрамадан Виталий Пухкало, Ернар Нұрысбеков, Олжас Климин, Наиль Башмаков сынға түседі.
Әйелдер арасындағы сайыс 19:30-да басталады. Жүлде үшін Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга күреседі.