Басқа спорт түрлеріБасты

Бакуде Әлем кубогының кезеңі басталды

Гимнаст Милад Карими Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты.

Бакуде (Әзірбайжан) Әлем кубогының кезеңі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шықты.

Қазіргі уақытқа дейін қоссырық пен еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Еркін жаттығуда сәтті өнер көрсеткен Милад Карими финалға бірінші орынмен шықты. Ол 13.833 ұпай жинады.

Қоссырықтағы медаль үшін Дмитрий Потанин мен Ілияс Әзізов сынға түседі. Әзізов іріктеуде үшінші орын (13.400 ұпай), ал Потанин бесінші орын (12.800 ұпай) алды.

Айта кетейік, финалдық кезең 8 наурызда басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button