Қысқы спорт
Шаңғы жарысынан әлем чемпионаты: ерлер арасындағы эстафеталық жарыста ел намысын кімдер қорғайды
Тронхеймде (Норвегия) шаңғы жарысынан әлем чемпионаты жалғасуда.

6 наурыз ерлер арасында 4×7,5 шақырымдық эстафеталық жарыс өтеді.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Ернар Нұрысбеков және Владислав Ковалев өнер көрсетеді. Бәсеке Астана уақытымен 18:00-де басталады.
Айта кетейік, 5 наурызда командалық спринт өткен болатын. Бұл жарыста ерлер құрамасы 18-орын алса, әйелдер командасы 16-орынмен жарысты аяқтады.