Семсерлесу
Қазақстандық шпагашылар Венгриядағы Гран-приге қатысады
11 қазақстандық шпагашы жүлде үшін сайысқа түседі

Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Будапештте (Венгрия) өтетін Гран-при кезеңіне қатысады,.
ҰОК мәліметінше, халықаралық турнирде 11 қазақстандық шпагашы жүлде үшін сайысқа түседі.
Венгрияда ел намысын қорғайтын спортшылар: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаймов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Никита Жулинский.
Айта кетейік, Гран-при кезеңі 14-16 наурыз аралығында өтеді.