БастыФутбол

«Ақтөбе» сенсация жасады

Кездесу Ақтөбедегі Орталық стадионда өтті.

«Ақтөбе» мен Чехияның Прага қаласынан келген «Спарта» командалары Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездесті, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Конференциялар лигасы. Іріктеу кезеңі. 2025/2026 маусымы
24 шілде 2025 жыл, 21:00
Ақтөбе, Орталық стадион
Ақтөбе — 2:1 — Спарта (Прага)

Кездесу Ақтөбедегі Орталық стадионда өтті. Ойынды Норвегиядан келген төрешілер бригадасы, бас төреші Кристоффер Хагенестің жетекшілігімен жүргізді. Букмекерлер, сарапшылар және жасанды интеллект бұл кездесудің фавориті ретінде Праганың «Спартасын» атаған болатын.

Бастапқы құрамдар мынадай болды:

«Ақтөбе»: Влад, Анджелкович, Агбо, Қайыров, Скворцов, Корзун, Үсенов, Вэтэжелу, Жан, Шушеначев, Соса

«Спарта» (Прага): Виндаль, Коббо, Шевиньски, Ученно, Сухомел, Кайринен, Садилек, Пресьядо, Гараслин, Ррахмани, Кухта

Ойынның алғашқы минуттарында-ақ Андрей Влад бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, өз қақпасын аман сақтап қалды. Бұдан кейін қонақтар сәл босаңсып, өз қақпаларына гол жіберіп алды — Даниэль Соса айып алаңына асырылған допты баспен қақпаға бағыттады.

Чехиялықтар бірден шабуылға көшіп, қарқынын арттырды, бірақ қақпашы Влад өз шеберлігін тағы да көрсетті. Екінші таймда екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Лукаш Гараслин қақпа маңдайшасын сілкіп өтсе, Оралхан Өміртаев қақпашымен жалғыз шыққан сәтін сәтті пайдаланды. Ал матчтың нүктесін пенальтиден Велко Бирманчевич қойды — 2:1.

Басқа жаңалықтар

Back to top button