Өскеменде жас дзюдошылардың шеберлігі сыналды
Татамиге шыққан жас балуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді.

2025 жылдың 28-30 желтоқсан күндері Өскемен қаласында дзюдодан ашық қалалық турнир өтті. Дәстүрлі жарысқа 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірімдер қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Татамиге шыққан жас балуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді. Турнир нәтижесінде спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болып, болашағынан зор үміт күттіретінін дәлелдеді.
2015-2016 жылдары туғандар арасындағы жүлдегерлер:
- Айдосұлы Әлімжан
- Жандосұлы Сұлтан
- Қадылбек Медеу
- Болат Ерасыл
2013-2014 жылдары туғандар арасындағы жүлдегерлер:
- Төлешов Нуриддин
- Серікбек Молдағұмар
- Жандосұлы Сұлтан
- Нұралы Бексұлтан
- Рысалды Ерсайын
- Тұрысбеков Жақсылық
- Дәулетбек Ералы
Командалық есепте де нәтижелі өнер көрсеткен жас дзюдошылар жүлделі орындардан көрінді.
2013-2014 жылдардағы спортшылар командасы күміс жүлдені иеленсе, 2015-2016 жылдардағы команда қола орынға тұрақтады.
Жарыс жасөспірімдер үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Мұндай турнирлер жас спортшылардың шыңдалуына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және болашақта жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындалуына жол ашады.
Жаттықтырушылар: Дархан Аманкелдинов, Олжас Социалов, Роллан Уәлханов.



