Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде өнер көрсетті.
Отандастарымыз төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі — алтын жүлде.
Антальяда өткен бәсекеде 67 келі салмақтағы Бағдат Сабаз және 72 келідегі Юсуф Ашрапов жеңімпаз атанды.
Ал 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келіде Рахат Бержанов қола медаль иеленді.



