Үстел теннисі: Қатарда өтетін турнирде қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды
Жарыс бүгін басталады
13-18 қаңтар аралығында Дохада (Қатар) үстел теннисінен WTT Star Contender Doha турнирі өтеді.
Жарысқа әлемнің көптеген мықты спортшылары қатысады. Олардың қатарында Лин Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томокази Харимото (Жапония, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №7), Лин Юн-Чжу (Тайбэй, №9), Куай Мэн (Қытай, №3), Чжу Юлин (Макао, №7), Че И (Қытай, №8), Шин Юбин (Оңтүстік Корея, №12) бар.
Қазақстан атынан Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді. Жеребе қорытындысы бойынша олардың іріктеу кезеңінің алғашқы айналымындағы қарсыластары анықталды.
Жекелей сын
Ескендір Харки — Али Альхадрави (Сауд Арабиясы).
Сарвиноз Миркадирова — Марьям Али (Қатар).
Әйелдер арасындағы жұптық сын
Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) — Маника Батра / Дия Читале (Үндістан).
Аралас жұптық сын
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова — Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай).



