Басқа спорт түрлері

«Олимп» спорттық-сауықтыру орталығына техникалық тексеру жүргізілді

Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл облысы, Чолпан-Ата қаласына қарасты Бостөри елді мекенінде орналасқан «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығында ғимараттың техникалық жағдайын бағалау мақсатында кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру жұмыстары барысында орталықтың қазіргі инфрақұрылымы, оның пайдалану қауіпсіздігі және инженерлік жүйелердің жұмысқа жарамдылығы жан-жақты сарапталды. Атап айтқанда, ғимараттың негізгі конструкциялары, соның ішінде іргетас, қабырғалар, жабындар мен шатыр бөліктерінің жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар, электрмен жабдықтау, су және жылу жүйелері, желдету инфрақұрылымы толық зерттелді.
Сараптама қорытындысы бойынша мамандар тиісті ұсынымдар әзірлеп, нысанды одан әрі қауіпсіз әрі тиімді пайдалану бойынша нақты шаралар ұсынды.

Аталған тексеру нәтижелері орталықты жаңғырту, инфрақұрылымды жетілдіру және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау бағытында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жұмыстардың негізін қалайды.
Олимп» спорттық-сауықтыру орталығының серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button