Күрес

Сұлтан Әсетұлы әлем чемпионатының финалына шықты

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатында грек-рим күресінен Сұлтан Әсетұлы (67 келі) финалға шықты. 

Ол жартылай финалда Әзербайжан көшбасшысы Хасан Маммадиді 9:0 есебімен айқын басымдықпен тізе бүктірді. Финалдағы қарсыласы — түркиялық Мұстафа Йылдырым.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында әйелдер күресінен Алтын Шағаева (53 келі) мен Ирина Кузнецова (62 келі) қола жүлдегер атанды. Алтын қола медаль үшін белдесуде румыниялық Беатрис Йеноладан басым түсті. Ал Ирина қола жүлдеге таласта үндістандық спортшыны жеңді.

Айта кетсек, Асылжан Есенгелді аталған дүбірлі додада еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button