«Олимп» спорттық-сауықтыру орталығында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы аумағында жоспарлы санитарлық-тазалық жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында орталықтың ішкі және сыртқы аумақтары толық қамтылып, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, ғимарат ішіндегі жалпы пайдаланылатын орындар тазартылып, іргелес аумақтағы қоқыстар жиналды, жасыл желектер ретке келтірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілер үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында санитарлық талаптарға ерекше назар аударылды. Жүргізілген жұмыстар орталықтың жалпы санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
Аталған бастама мекеме аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта да мұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.



