Жеңіл атлетика
Азия чемпионаты кейінге шегерілді
Ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтуі тиіс жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты пандемияға байланысты кейінге шегерілді.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы өткен аптада мынадай мәлімдеме жасады: «Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, «Омикрон» штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді».
Бұған дейін белгілі болғандай Азия чемпионатына сары құрлықтың 29 мемлекеті өтініш беріп, Елордаға келетіндіктерін растаған еді. Өкінішке қарай, елімізде «омикрон» штамының өршігені соншалық қазіргі таңда көптеген қалаларымыз «қызыл» аймаққа өтіп кетті. Федерация басшыларының дер кезінде шешім қабылдағандары құптарлық жайт.