Жеңіл атлетика

Дмитрий Карпов: Оннан аса спортшымыз олимпиада жолдамасына таласады

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Карпов 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі қалай өтіп жатқанын айтты.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген ол жолдамаға оннан аса үміткер барын мәлімдеді.

Біз үшін жазғы жарыс маусысы өте маңызды. Сондықтан, ел ішінде және шетелде бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Қазіргі таңда команда мүшелері Қырғызстанда дайындалып жатыр.

Бүгінде біз 2024 жылғы Париж Олимпиадасының лицензиясына таласа алатын спортшылар тізімін жасаудамыз.  Спорт бір орында тұрған жоқ, төртжылдық додасына іріктеу талаптары да өзгеріске ұшырады. Спортшылардың басым бөлігі әлемдік рейтинг арқылы жолдама алуға тырысады.

Спортшыларымыз міндетті түрде еліміздегі және шетелдердегі турнирлерге қатысады. Негізгі жарыстар – «Гауһар лигасы» кезеңдері, халықаралық турнирлер, Орталық Азияның ашық біріншілігі,  Қазақстан чемпионаты және Ғұсман Қосанов мемориалы.

Қазіргі таңда Давид Ефремов команда үздіктерінің бірі саналады. Бірақ тек оған емес, барлығына бірдей жағдай жасалуда.

Ұлттық құрама мүшелеріне бәсекелес бола алатын жастарымыз да жоқ емес. Тегеранда өткен Азия чемпионатында Максим Фроловский, Аяна Болатбекқызы мен Мария Шувалова өзін жақсы қырынан көрсетті, – деді Карпов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button