«ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» САБАҒЫ: ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ
Құрметті Төраға! Құрметті Мәжіліс депутаттары!
Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет.
Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін көріп отырмыз. Мұның, әрине, бірнеше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжей білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады.
Бірақ, бізге керегі – тек ақиқат қана. Сол себепті, оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым: жыл басынан бері орын алған барлық жағдайлар – бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатігез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық.
Мұның қатарында Жамбыл облысында болған тәртіпсіздіктер, этносаралық сипаттағы арандатушылықтар мен басқа да шиеленістер бар. Қоғамымыздың біртұтастығы жүйелі түрде шайқалып келген, оның ішінде наразылықтар мен кәсіби түрде әзірленген сценарийлер қолданылған.
Радикалды шаралардың нақты орындаушыларын дайындау жасырын түрде жүргізілген. Ұлттық қаупісіздік комитеті уәкілетті орган ретінде осы қирату жұмыстарына нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген аса үлкен қауіпті көрмеді. Шабуыл ұйымдастырушыларына тек себеп іздеу ғана қалды, ал ол себеп бәрібір табылар еді.
Халықтың газ бағасының өсуіне байланысты наразылығы құрал ретінде пайдаланылды. Содан кейін оқиға спираль түрінде дамыды. Бірінші кезеңде бірнеше өңірде, атап айтқанда Жаңаөзенде митингтер өтті. Екіншісінде қарақшылар мен басбұзарлар қосылды. Осыдан соң «күйіп тұрған» кезеңге жетіп, қарулы лаңкестер, соның ішінде шетелдік содырлар іске араласты.
Осыдан кейін олардың негізгі мақсаты белгілі болды – мемлекеттік басқару институттарын тарату, конституциялық құрылымды бұзу және түптің түбінде билікті басып алу.
Әр нәрсені өз атымен атар болсақ, бұған дейін ҰҚШҰ саммитінде айтқанымдай, біздің елге қарсы террористік соғыс ашылды. Жау асқан қатыгездік пен кез келген қадамға баруға дайын екенін көрсетті. Олар тіпті халық арасында қорқыныш ұялатып, қарсы шығу туралы ойды басуға талпынды.
Қазақстанға шабуыл жоспары әртүрлі аспектілерді қамтыды: әскери, саяси, идеологиялық, жалған ақпараттандыру және тағы басқалар.. Билікті басып алуға дайындық жұмыстарын кәсіпқойлар жүргізді.
Бұл халықаралық лаңкестік тарапынан елімізге қарсы жасалған қарулы агрессия болғандықтан, Қазақстан заңды түрде Ұжымдық қауіпсіздік шарты бойынша әріптестеріне бітімгершілік контингент жіберу туралы өтініш жасады.
Мынаны түсіну керек: осындай шешім қабылдап жатқан кезде Алматыны бақылауды толықтай уыстан шығарып алуымыз мүмкін еді. Ондай жағдайда қалада лаңкестер ойран салатын еді.
Алматыдан айрылсақ, астананы да жоғалтып, кейін елімізден айрылатын едік. Қаңтардың қаралы күндеріндегі оқиғалардың мәні де осында. Елордада бітімгершілік контингент пайда болғаннан кейін Алматыға арнайы жасақтың қосымша бөлімшелерін жіберіп, қаланы сақтап қала алдық.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады.
Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету.
Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ.
Мемлекеттік төңкеріс, елдің тұрақтылығына қол сұғу талпыныстары сәтсіздікке ұшырады. Біз бірыңғай ұлт ретінде бірліктің арқасында Алматы мен өзге облыс орталықтарын қорғап қалдық. Қысқа мерзімде олар қалпына келтіріледі және бұрынғыдан да көркейе түседі. Енді бұл менің тікелей міндетім және әрине, Үкіметтің жауапкершілігі.
Осы сәтті пайдалана отырып, террористік агрессияның нысанына айналған қалалардың тұрғындарына көңіл айтқым келеді. Осы бір қаралы күндер артта қалған бүгінгі күнде Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының террористік агрессияның бетін қайтарудағы ерлігін атап өткім келеді. Мысалы, Алматы қаласында полиция өкілдерінің шағын тобы полиция департаментін басып алмашы болған бандиттердің шабуыл екі түн қатарынан тойтарып отырды
Қиын-қыстау кезеңде Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік күзеттің әскери қызметшілері абыроймен көзге түсті. Бірақ бәрі бірдей өзінің борышына адалдық танытқан жоқ. Бірқатар қалаларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсенал болғанына қарамастан, қызметтік ғимараттарды ондағы қару мен құпия құжаттармен бірге айқассыз тастап кетті
Енді алғашқыда атқаратын жұмыстың бағытын айқындап бергім келеді. Бірінші, антитеррорлық қимылдарды сәтті аяқтау қажет. Құқықтық тәртіпті толықтай қалпына келтіріп, азаматтарымыз қалаларда, елді-мекендерде және ауылдарда жақындары мен балаларын уайымдамай, еркін жүріп, жұмы істеп, оқуына жағдай жасау керек.
Жалпы, контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталды. Еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның бітімгер күштерінің негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентін кезең-кезеңмен шығару басталады. Контингентті шығару процесі 10 күннен аспайды.
Екінші. Еліміздегі бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыстарға қатысты содырлар мен оларға көмек көрсеткендерді анықтап, жазаға тарту керек. Лаңкестік шабуылдардың артында кім тұрғанын тыңғылықты анықтау өте маңызды.
Тағы бір өзекті мәселе – содырлар мен олардың командалық пунктінің қызметі не себепті мемлекеттің назарынан тыс қалды? Не себепті еліміздің аумағында осыншама заңсыз қару мен арнайы құралдар табылды? Неге терроризм нысандарын анықтау мен бейтараптандыру бойынша агентура жұмысы жүргізілмеді? Арнайы тергеу тобы сапалы әрі толық көлемде өз жұмыс атқарып, трагедияның барлық себебі мен мән-жайын ашуы керек.
Үшінші. Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек көрсету – біздің қасиетті борышымыз. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз.
Төртінші. Қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүлікті қалпына келтіру керек. Толығымен қалыпты өмірге ораламыз. Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау маңызды. Үкімет комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Ол азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетеді. Мемлекет қаржылай көмекпен қатар, кәсіпкерлерге басқа да қолдау түрлерін ұсынады. Атап айтқанда, несиелер бойынша пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл белгілеу тоқтатыла тұрады.
Бесінші. Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз.
Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесін түбегейлі қайта құру сынды стратегиялық міндетке ерекше тоқталғым келеді. Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдарымыздың, Ұлттық қауіпсіздік органдарымыздың, сыртқы барлау қызметтеріміздің жұмысын қайта құру қажет. Олардың барлығы бір мақсатқа – кез келген сипаттағы және ауқымдағы қатер кезінде азаматтарымызды, конституциялық құрылымды, егемендікті барынша тиімді қорғауға жұмыла жұмыс істеуі тиіс. Мұны мемлекетіміздің түбегейлі мүддесі талап етеді. Бұл міндетті шешу үшін келесі басымдықтарға назар аудару қижет.
Біріншіден, құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізу қажет. Біз полицияның сервистік моделін құру және қылмыстық процесті жаңғырту ісінде біршама ілгеріледік. Бірақ жаппай террористік шабуылдарға қарсы тұруға дайын болуымыз керек. Күштік құрылымдардың қолбасшылары жаңа жауынгерлік дағдыларды шыңдауға, қорғаныс пен шабуылдаудың тиімді құрал-жабдықтармен жабдықтауға шұғыл кірісуі тиіс
Екінші. Ұлттық гвардияның сапасы мен санын арттыру керек. Өңірлерде оның жаңа бөлімшелерін жасақтап, бар бөлімшелерді күшейту, көліктік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажет.
Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы құрылымы және Ұлттық гвардия құрамының санын арттыру қажет. Олардың әскери дайындығын күшейту керек. Қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтылсын. Бүкіл күштік құрылымдардағы арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің жалақысын көтерілсін.
Үшінші, полицейлердің құқығын қорғау деңгейін көтеру керек. Билік өкілдеріне шабуыл жасау мен заңға бағынбайтындар үшін жауапкершілікті күшейту қажет.
Төртінші, әскердің даярлығына да күш салған жөн. Ол үшін тез арада арнайы операция үшін әскери күш құрылымын жасақтау қажет.
Бесінші, шекара қызметінің ұйымдастыру және басқару принциптерін қайта қарау керек. Мемлекеттік шекараны әскери қорғаудан жедел жұмыс әдістеріне баса назар аударған реформаларға ревизия жүргізу. (Провести ревизию реформ, которые сместили акцент с войсковой охраны государственной границы на оперативные методы работы.
Алтыншы. Сыртқы, әскери, қылмыстық және қаржылық барлауды қоса алғанда, барлау қызметін толықтай құру қажет.
Жетінші. Қауіпсіздік күштері арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету керек. Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінің алгоритмдерін жаңарту, ведомствоаралық үйлестіруді күшейтілсін. Барлық күш құрылымдарының жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін орнатылсын.
Сегізінші, Қарулы күштердің өздігінен шешім қабылдай алуын қамтамасыз ету керек, қарулы күш жетекшілерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Тоғызыншы, діни экстремизмге қарсы күресте кешенді шараны жүзеге асыруымыз тиіс. Олардың теріс ниеттерінің криминалдық қылмысқа айналып кетпеуіне жол бермеу керек. Әсіресе қылмыстық атқару мекемелері үшін абай болған жөн. Таяуда қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткіземіз. Ол жерде жоғарыда айтылған жайттар ортаға салынып, шешу жолдары қаралады.
Қайғылы жағдай негізінен күрдлі әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен кейбір мемлекеттік органдар жұмысының тиімсіздігі, нақты айтқанда олқылығы салдарынан болғанын мойындау керек. Жеке атқарушы органдардың күрделі жағдай мен азаматтардың қажеттіліктерінен айтарлықтай алшақтауы байқалды. Билік құрылымдарының өкілдері халықтың өміріне, олардың ұмтылыстары мен қажеттіліктеріне қатысты қате көзқарас қалыптасты.
Теңсіздік мәселесі де ушыға түсті. Ол жылдан жылға қиындай берді, ал халық табысы жыл санап өсіп жатқандай көрінді. Қағаз жүзінде болса да. Бірақ орташа жалақының артында қоғамдағы күрделі мәселе жатыр. Халықтың көптеген күрделі проблемасы шешілген жоқ.
Халықты сапалы өмірмен қамту мен әл-ауқатын жақсарту мемлекеттік басты міндеті. Бұл сөздерді шынайы іске айналдыру қажет. Халықтың табысы экономикамен қатар өсуі керек. Бұл өзгермейтін аксиома біздің жағдайымызда жұмыс істемей тұр.
Елде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе жалпы ұлттық табысты арттыруда өзінің тиімділігін көрсетті. Бірақ оны бөлісуде тиімсіз екені аңғарылды. Мұны бәріңіз жақсы түсініп отырсыздар.
Экономикалық өсуден негізінен қаржылық және олигархиялық топтар пайда тауып отырды. Қалыптасқан олигополиялар еркін нарықтың дамуын айтарлықтай шектеп, елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетті.
Ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты – айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту.
Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл – өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер.
Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын. Сол себепті, кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды. Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым. Үкімет осы заңның әлеуетін нақты іс жүзінде пайдалануы қажет.
Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігі туралы әділ сұрақтар туындап жатыр. Қалыптасқан жүйе негізінен ірі құрылымдарға «достарға –бәрі, қалғандарына – заң бойынша» қағидатымен қызмет көрсетуге бағдарланған. Шын мәнінде қазіргі жүйе экономикадағы олигаполияны одан әрі күшейтеді. Ірі кәсіпорындар бәсекелестікті тұншықтырып, реформаны тоқтататын ерекше артықшылықтарға ие.
Мысалы, Қазақстан даму банкі қаржы-өнеркәсіптік және құрылыс топтарының ішінде таңдаулы тұлғалар тобының жеке банкіне айналды. Бәрінің аты-жөнін білеміз. Жоғары кабинеттерге кіре алатынын пайдаланып, олар өз жобаларын іске асыруда артықшылық алып отыр. Бұл жобаларға кеткен мемлекеттің қаражатын шағын және орта бизнеске жұмсауға болатын еді.
Үкіметке Қазақстан даму банкінің қызметін қайта құруды тапсырамын. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үдерістері ашық емес әрі тиімсіз болып отыр. Бұл тәсілдерді түбегейлі қайта қарау керек. Бұл түсінікті әрі ашық тетіктер болуы керек. Өңірлерде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн.
Әділ бәсекелестік біздің экономика үшін басты талапқа айналуға тиіс. Бүгінде бағаны ымыраласа отырып белгілеу қалыпты нәрсеге айналды. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кетті. Мысалы, Мен былтыр фармацевтика нарығындағы картельді ретке келтіруді тапсырдым. Бірақ, кейбіреулер заңнамадағы кемшіліктерді желеу етіп, бұл жұмысты аяқсыз қалдыруға тырысуда. Сондықтан картельді келісімдер жасасты деген күдік болған жағдайда мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды тексеруге тыйым салу туралы мораторийдің күшін жоюды тапсырамын.
Келесі мәселе. Жылдан жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз жанар-жағар май өндіру және оны бөліп-тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жанар-жағар май бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз.
Осы кезеңде Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Егер бұл жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағар май бағасын реттеу жүйесі сақталады.
Келесі мәселе – «Самұрық-Қазына» қоры қызметінің тиімділігі. Бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Яғни, осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың КЕГОК, Қазақгаз және Қазақстан темір жолы сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды.
Осы тұста, қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма, яғни ұлттық байлықты еселей алды ма деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?
«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісінде басты рөл атқарады. Сондықтан Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер Қорды реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн.
Қордың сатып алуларының ашықтығына қатысты мәселелер бар. Шағымдар жиі түседі. Сондықтан аталған мәселеге қатысты шешім қабылдау керек. Әсіресе, мемлекеттік сатып алуды бір тараппен ғана келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін негіздерді азайту маңызды. «Самұрық-Қазына» қоры мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастыру міндеті алда тұр.
Былтыр реттелетін сатып алулар туралы заң шықты. Алайда мәселелердің көбі бұрынғыдай заңға тәуелді актілер мен қордың шешімі деңгейінде шешіліп келеді. «Самұрық-Қазына» ережелері мен рәсімдерін Қаржы министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен келісуді қамтамасыз ету керек.
Экономикалық өсім мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтумен тығыз байланысты. Бірақ, жекешелендіру жүйелі және ашық жүргізіліп жатқан жоқ. Атап айтқанда, бәсекелестік ортаға берілуге тиіс активтерді іріктеу тәсілдері айқындалмаған. Оны шұғыл әзірлеу қажет. Үкіметке Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, тиісті Мемлекеттік комиссияның жекешелендіруге қатысты шешімдерінің толық ашық әрі айқын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын.
Экономиканы әртараптандыру – күрделі міндет. Әртараптандыру болмаса, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес. Бұл жұмыстың басты бағыты – өңдеу өнеркәсібін дамыту. Дегенмен, ел экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай өсті деп айтуға келмейді.
Біз әлі күнге дейін бірқатар өнім түрінен импортқа тәуелдіміз. Жыл өткен сайын еліміздің төлем балансында өткір тапшылық байқалуда. Алюминийден, мыстан жасалған дайын бұйымдар және машина жасау саласына қажетті жабдықтар әлі күнге дейін шетелден әкелінеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша тек мұнай-газ және тау-кен машина жасау саласының импорты 4 миллиард доллардан асты. Әлде еліміздегі кейбір адамдар ахуалдың дәл осындай күйде болуына мүдделі ме? Үкімет бүкіл өнеркәсіп саласына терең талдау жұмысын жүргізуге тиіс.
Шикізат қорын, құзіреттері мен экономикалық тиімділікті ескере отырып, бәсекеге қабілетті секторларды анықтау керек. Жүргізілген талдаудың негізінде нақты жобаларды әзірлеп, инвесторларды тарту қажет. Бұл – Үкіметтің жаңа құрамының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Келесі, кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына мен жұмсауына (распоряжения) тыйым салуды тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы тиіс.
Мемлекеттің утилизациялау, автомобильдік өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға қолдау көрсетуін ешкім тоқтатқан жоқ. Бұл мәселені бизнеспен және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керек. Отандық автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға утильдік алым есебінен ваучер беру мәселесін қарастыру керек. Осы және өзге де утильдік алым қаражатын қоғамға пайдамен жарату тәсілдерін қарастырыңыздар.
Қоғамды, әсіресе елорда тұрғындарын алаңдатып отырған, тіпті ашуландыратын тағы бір мәселе – ЛРТ құрылысы болып отыр. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қазірдің өзінде орасан зор қаражат жұмсалды, қарыз алынды. Шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісімшарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба бастапқыда-ақ үлкен қателік еді, оны мойындау керек. Сонымен қатар бұдан сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұр.
Енді оңтайлы шешім қабылдау қажет. Себебі оны жай ғана бұза салу уақыт пен ақшаны жоғалтуды білдіреді. Демек, отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны іске асырудың ықтимал нұсқаларын анықтаудан басқа жол жоқ.
Ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керек. Соңғы жылы елімізде қуаңшылық болды. Былтырға қарағанда жиналған астық көлемі 4 миллион тоннаға кеміді. Бұл шикізатпен және жем-шөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті. Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауға тиіс.
Субсидияны тұрақты беруге қатысты мәселе жиі көтеріледі. Мен бұған дейін субсидиялау тәсілдерін қайта қарау қажеттігі туралы тапсырма берген болатынмын. Бұл жұмыс қысқа мерзім ішінде атқарылуға тиіс. Біз субсидия алуды жеңілдетуге, оның қолжетімді болуын және ашықтығын қамтамасыз етуге тиіспіз.
Жуырда болған заң бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу маңызды. Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажет. Бұл Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған негізгі басымдық екеніне айрықша назар аударамын. Егер нарықта азық-түлік тауарлары мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға ешқандай шара көмектеспейді.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджет кірістерінің қосымша көздері қажет. Шикізат бағасының жоғары болуына байланысты тау-кен өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындардың кірісі өсті. Мұны білеміз. Үкіметке бюджетке қосымша кірістер мәселесін пысықтауды тапсырамын. Оның есесіне жаңа кен орындарын барлау мен игеруге ынталандырулар бере аламыз. Әңгіме ірі тау-кен және басқа компаниялар туралы болып отыр.
Қолайлы нарық жағдайында бензин өндірушілер мен әртүрлі делдалдар қосымша пайда алады. Осы маржаның бір бөлігін акциздер арқылы бюджет пайдасына алу қажет деп санаймын. Үкімет тиісті есептеулер жүргізуі керек. Бұл ретте бағаның өсуіне жол бермеу қажет.
Кеденде, әсіресе Қытаймен шекарада тәртіп орнатудың астарында бюджетке кірісті арттырудың маңызды әлеуеті жатыр. Онда болып жатқан нағыз былықтар бәріне мәлім. Машиналар толық тексерілмейді, салықтар мен баждар төленбейді, Қытайдың кеден органдарымен салыстырмалы статистикасындағы сәйкессіздік миллиардтаған долларға жетеді. Қандай да бір қол сұғылмайтын мәртебесі бар уәкілетті операторлар бар. Еліміз салық түріндегі ондаған миллиард теңгені жоғалтып келеді. Бұлай жалғаса бермейді.
Бас прокуратураға Қаржы министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігімен және басқа да мүдделі органдармен кешенді тексеру жүргізіп, кеден шекарасындағы тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырамын.
Бюджет кірістері туралы айтқанда, кей шығыстар туралы айтып өткен жөн. Үкімет мүшелері мен депутаттардың және әрине әкімдердің еңбекақыларын атап өтейін. Өткен жылдың соңында бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды. Негізі аталған санаттағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы толығымен жеткілікті деп санаймын. Сондықтан Үкімет мүшелерінің, өңірлердің әкімдерінің және депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялауға болады деп санаймын
Бұл Мәжіліс депутаттары үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер бұл жаңалықты түсіністікпен қабылдайсыздар деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттегілердің еңбекақысын бюджет мүмкіндіктерінің өсуіне қарай арттыруды жалғастырамыз.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығы ұлттық экономиканы одан әрі дамытудың кепілі екені белгілі. Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан, тұтыну несиелері айтарлықтай артты. Оның мөлшері бизнесті несиелеу көлемінен асып кетті. Халық қазіргі уақытта көп несие алып жатыр. Осыны ескерсек, бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін.
Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол емес. Ең алдымен, шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау қажет. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциалды реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырамын.
Валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етпей тұрақты экономикалық өсім мүмкін емес. Орын алған оқиғалар, төтенше жағдай режимі салдарынан ұлттық валютаға алаяқтық қысымның айтарлықтай тәуекелі туындады. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне нарықтың сыртқы және ішкі қатысушылары тарапынан теңгеге сенім толықтай қайта қалпына келгенге дейін валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырамын.
Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жалақы мен зейнетақыны бірнеше рет көтердік. Бірақ әрдайым бағаның бақылаусыз өсуіне бетпе-бет келеміз. Бірнеше жыл бойы жоғары инфляция экономикамыздың басты проблемасы болып отыр. Ол экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігін төмендетеді. Бұл мәселеге нүкте қоятын кез келді. Бағаны және халықтың инфляциялық күтуін тұрақтандыру керек.
Инфляцияны төмендету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуі тиіс. Мақсатты дәлізі – 2025 жылға қарай 3-4 пайыз. Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, инфляцияны бақылау жөніндегі кешенді іс-шаралар әзірлеу қажет. Ол импортқа тәуелділікті, артық делдалдықты төмендету және ақша-кредит саясаты құралдары бойынша іс-шараларды қамтуы тиіс.
Қазақстанда тікелей шетел инвестициясын тарту үшін барлық жағдай жасалған. Біз қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталғанына мүдделіміз. Мемлекет ішкі және шетелдік инвесторлардың сенімін қайта қалпына келтіру үшін қажетті барлық іс-шараны қабылдайтындығына сендіргім келеді. Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемелері мен кепілдері толық көлемде орындалатын болады. Дәл осы кезеңде ESG – жаһандық энергетикалық және технологиялық ауысу талаптарының күшеюі жағдайында елдің тартымдылығын арттыру үшін инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы қажет
Келесі мәселеге жекелей назар аударғым келеді. Төтенше жағдай режімінің енгізілуіне байланысты жекелеген қаржылық-өнеркәсіптік топтардың капиталды шетелге, оның ішінде жалған мәмілелер жасау жолы арқылы жылыстату тәуекелі артып тұр. Біз қазірдің өзінде жекелеген тұлғалардың есепшоттарындағы қозғалысты байқадық. Сондықтан Ұлттық банкке Қаржылық мониторинг және қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, нақты бақылауды қамтамасыз етуді, барлық транзакциялар мен елден қаражатты негізсіз шығарған тұлғаларды тексеруді және бақылауға алуды тапсырамын.
Сөзімнің экономикалық блогын түйіндей келе, бүгін біз жаңа Премьер-Министрді тағайындағанымызды атап өткім келеді. Бірқатар нақты тапырма жүктелді. Премьер-Министрге үш аптаның ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Оны ақпан айының басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қараймыз.
Дүние жүзінде коронавирустың жаңа толқыны басталды. Қазақстанда науқастардың күрт өсуі байқалады. Күніне 2 мыңнан астам жаңа жағдай тіркеледі. Пандемия басталғалы бері вирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан астам адамды құрады. Сондықтан босаңсымай, коронавируспен күресті жалғастыру маңызды. Бұл да жаңа Үкіметтің басты міндеті болуы керек.
Енді өңіраралық теңгерімсіздіктер туралы. Қазақстанның өңірлері бірдей деңгейде дамып жатпағаны баршаға аян. Соның салдарынан әлеуметтік жайсыздық пен миграциялық көңіл-күйге жол ашады. Кейінгі кезде болған елдегі жағдай батыс және оңтүстік өңірлерде халықты еңбекпен қамту деңгейінің төмендігін көрсетті. Аталған өңірлерде бала туу деңгейі жоғары, ал экономика өңір тұрғындарын жұмыспен қамтып үлгере алмай жатыр. Сондықтан жүйелі индустрияландыру, шағын және орта бизнеске көмек көрсету, аталған облыстарда қызмет көрсету саласын дамыту өңірлік емес, ұлттық басымдық болмақ.
Дамудың мәдени-ағартушылық құрамдас бөлігін де ұмытпау керек. Білімді азаматтардың еліміздің түкпір-түкпірінде бәсекеге қабілеті артып, табысқа жетуге және лайықты өмір сүруге мүмкіндіктері молаяды. Үкіметке аталған өңірлер үшін «Ауыл – ел бесігі», бизнестің жол картасы және тағы сол сияқты жеке бағдарлама әзірлеуді тапсырамын.
Әрі қарай. Жасыратыны жоқ, көбіне кей өңірді қолдау деңгейі тұрғындардың нақты сұранысына емес, нақты бір әкімнің «салмағына» байланысты. Бұл дамудағы теңгерімсіздікке және азаматтардың наразылығына әкеледі. Олардың көпшілігі, әсіресе ресурстық аймақтардың тұрғындары бюджеттік ресурстарды бөлуде өз өңіріне көбірек назар аударылғанын қалайды.
Бұл өңірлер бюджеттің доноры бола тұра әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген параметрлері бойынша артта қалды. Сондықтан тәсілдерді біртіндеп өзгерту керек. Бюджетаралық қатынастарды түбегейлі реформалаудың уақыты жетті. Үкіметке заңнамалық өзгерістер пакетін әзірлеуді тапсырамын.
Мемлекеттік басқару саласына кешенді реформа керек. Кадрлық потенциалдың төмендігін, жемқорлықты, формалдылық және кадр тапшылығы мен олардың тұрақтамауын мойындау керек. Сондықтан халықтың мемлекеттік басқару мен билікке сенімі төмен.
Мемлекеттік қызметке алу талабын жетілдіру қажет. Қызметке алу талабының артық, керек емес тұстарын алып тастау керек және мемлекеттік қызметке келгісі келетіндер үшін еш кедергі болмауы тиіс. Жұмысқа қабылдау мен жоғарылатудың нағыз принципі «меритократия» принципіне айналуы керек. Мемлекеттік қызмет кез келген қазақстандық үшін ашық болғаны жөн.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметтен кету процесін де қайта қарау керек. Өйткені кейбір шенеуніктер кабинетінде жылдар бойы тапжылмай отырады. Олар жас мамандардың өркендеуіне жол бермей, мемлекеттік аппараттың тиімділігін төмендете түсуге әсерін тигізеді. Ондай шенеуніктермен оңай қоштасу керек. Дегенмен мемлекеттік басқару саласында шенеуніктің институционалдық жады да маңызды. Яғни бір күнге бүкіл шенеунікті алып тастап, оларды жастарға ауыстыру да жөн емес. Бұл жерде салмақты шешім қажет. Егер 60 жастағы шенеунік өз қызметін ойдағыдай атқарып, мемлекетке пайдасын тигізіп отырса ондай маманға тиіспеу керек.
Яғни, ақылға қонымды, сараланған көзқарас болуы керек. Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тиісті тетіктерді әзірлеп, енгізуді тапсырамын.
«Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасына бастама таныттым. Бұл – келешегі зор жастардың әлеуметтік лифтіне, сонымен бірге жаңаша ойлауды қалыптастырудың, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа тәсілдерді енгізудің тетігі. Бұл тәжірибе жалғасын табады.
Менің тапсырмама сәйкес, өткен жылы мемлекеттік аппараттың көлемі 15 пайызға қысқартылды. Мемлекеттік аппарат реформалардың қозғалтқышы және орындаушысы, азаматтарға маңызды мемлекеттік қызметтер көрсетеді, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аппаратсыз мемлекеттің өзі табысты өмір сүре алмайды.
Қазіргі кезеңде мемлекеттік қызметкерлердің санын оңтайлы деп санаған жөн. Жаңа Үкіметті тағайындауға қатысты барлық ұйымдастырушылық шешімдер қабылданғаннан кейін бұл санды орта мерзімді кезеңге бекіту қажет. Содан кейін байқаймыз. Мемлекеттік функциялардан бірте-бірте арылсақ, оларды бәсекелес ортаға көшірсек, демек, мемлекеттік аппараттың көлемі де бірте-бірте азаяды.
Шенеуніктердің азаматтармен диалогы тиімділігінің төмен екендігін айтып өткен жөн. Мемлекеттік орган басшылары халықпен сөйлесе алмайды, тіпті кейде қорқатын секілді. Үкімет мүшелері өңірлерге жиі шығуы тиіс. Ал өңір әкімдері халықпен кездесу өткізіп, әрбір елді-мекен тұрғындарымен тұрақты байланыста болуы керек.
Тағы бір мәселе – бюрократияның етек жаюы. Ол азаматтардың санасында мемлекеттік аппарат туралы баяу жұмыс істейтін немқұрайлы машина деген әділ түсінік қалыптастырады. Бюрократия – реформалардың сапасыз орындалуының негізгі себептерінің бірі. Мұндай аурудан бәрімізге емделу керек.
Реформаның формасы емес, мазмұны басымдыққа айналуы керек. Есеп үшін есеп беру, бақылау үшін бақылау жүргізу тәсілдері өткеннің еншісінде қалуға тиіс. Үдерістен ақырғы нәтиже маңызды. Өзін-өзі ақтамайтындай деңгейде күрделіндірілген және үдерісті шынымен баяулататын шешімдердің бәрі жойылуы керек.
Қазір мемлекеттік органдар тапсырмаларды іске асыруда оның жүзеге асуына емес, бюрократиялық жағына көп мән береді. Формасы бойынша үлгілі, бірақ мазмұны жағынан нашар құжаттар әзірленіп жатыр. Негізгі интеграциялық жүйелердің бар болғанына қарамастан, меморгандар макулатураны қаптатып, мәнсіз хат алмасуын қояр емес.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қағазбен дәлелдеуді қажет етпейтін ресми ресурс деп тану керек. Олай болмаса, цифрландыруды не үшін енгізіп жатырмыз? Цифрландыру сәнді ойыншық емес қой. Ол мемлекеттік аппарат функциясына қолдау тұрғысынан пайдалы болуы қажет. Жиындардың көбін онлайн форматта өткізу керек. Мемлекеттік аппаратты бюрократсыздандырудың осы және өзге де шаралары жеке Жарлықта жарияланады.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің функционалдарында мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және бюрократсыздандыру шараларын іске асыру мен мониторингілеудің нақты функцияларын қарастыру қажет
Азаматтардың бақуаттылығы және әлеуметтік қамсыздығы мемлекеттің басты назарында болуы керек. Цфирлармен ойнауды қойып, нақты істерге көшетін кез келді. Мемлекеттік аппарат көп жағдайда «өзін-өзі тиімді жұмыспен қамтушылар», «ресми емес жұмыспен қамту» секілді теминдерді қолданып, жағдайды жасыруды жақсы көреді. Соның салдарынан көптеген адамдар жұмыссыздықпен бетпе-бет келіп, әлеуметтік қорғаусыз қалып жатыр.
Бұл әлеуемттік-еңбек саласын сапалы жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатпен мынадай шараларды қабылдаған жөн. Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты әрі әр азаматқа бағдарланған болуы керек. Басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендетудың нақты көрсеткіштерін бекіту қажет.
Жұмысқа орналастыруды қажет ететін азаматтардың нақты санын анықтау керек. Үкіметке «Атамекен» палатасымен бірге екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірлеуді тапсырамын. Үкіметке Әлеуметтік кодекстің уақытында қабылдануын қамтамасыз ету қажет.
Осы құжат аясында әлеуметтік саясатты пандемия тәуекелдері мен қордаланған проблемаларды ескере отырып бейімдеуіміз керек. Әлеуметтік кодекс жаңа қоғамдық келісімнің негізгі элементіне айналуға тиіс.
Жұмыссыздықты, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше көңіл бөлу керек. Жоғары оқу орындарын, колледждерді бітірушілер, әсіресе білімі жоқ жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі әрқашан бола бермейді. Біз мұны жақсы білеміз. Олар тапқан жұмысын істеп өмір сүреді. Кейбіреулер табыс іздеп заң бұзуы мүмкін.
Үкіметке «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды. Үкіметке тиісті гранттардың мөлшерін 2 есе – 400 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту жүктеледі.
Келесі. Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт. Бұл – бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы. Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес. Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Мұғалім – мектептің жүрегі».
Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Жоғары білімнің қолжетімділігі де көкейкесті мәселе. Елдің халық тығыз қоныстанған өңірлеріндегі жастарға арналған мақсатты гранттар бөлуге айрықша назар аудару қажет. Жаңа экономика құру үшін ЖОО бәсекеге қабілетін арттыру маңызды. Таяуда Қазақстанда жетекші шетелдік жоғару оқу орындарының филиалдары ашу басталды. Жақын арада Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарланып отыр.
2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының кем дегенде 5 филиалын ашу қажет. Осы орайда, екі техникалық бағдарланған филиалды еліміздің батысында болғаны жөн.
Жалпы бәрімізге білім туралы көзқарасымызды өзгерту қажет. Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетті. Басымдықты техникалық мамандықтарға беру қажет. Инженерлер мен өнеркәсіп өкілдерінің жаңа буынын өсіріп шығару қажет болып тұр.
Келесі. Әлеуметтік әділдік те маңызды мәселенің бірі болып қала береді. Қазақстан — Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Мемлекет аз нәрсе тындырып жатқан жоқ. Республикалық бюджеттің 50 пайыздан астамын әлеуметтік шығындар құрайды. Бірақ бұл жеткіліксіз.
Бізде Ұлттық қор бар, ол – еліміздің қаржылық тірегі. Бүгін «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлемуеттік қорын құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешумен айналысады.
Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі. Өйткені көптеген отбасы емдеу ақысын төлей алмайды. Қалаларда, аудандар, елді-мекендер мен ауылдарда балаларға спорттық нысандар салынады. Дарынды балаларға көмек көрсетеміз. Мәдениетті қолдаймыз, Алматы қаласына қасіретті оқиғадан оңалуына көмектесеміз. Осы қор есебінен қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетеміз. Бұл жекелеген мысалдар ғана.
Атап өтейін: бұл Президенттің, Үкіметтің немесе басқа мемлекеттік органның қоры емес. Бұл – барша қазақстандықтардың қоры, ұлттық қор. Ол Әкімшіліктің немесе Үкіметтің қарамағында жұмыс істемейді. Беделді бақылау кеңесі құрылып, адал да жауапты басшы тағайындалады. Біз оның қызметінің толық ашықтығын, қоғам алдындағы есептілігі мен бақылауын қамтамасыз етеміз. Жоспарлар, бюджет, жобалар сайтта жарияланады. Барлық ақпарат ашық болады.
Қор жеке және мемлекеттік көздерден қаржыландырылады. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарланып отыр. Бұл қорға лотерея операторынан, бәс тігу орталығынан және басқа монополистерден міндетті жарналар түседі. Әрине, біз ірі бизнес өкілдерінен Қорға айтарлықтай және тұрақты аударымдар жасайды деп күтеміз.
Благодаря Первому Президенту – Елбасы в стране появилась группа очень прибыльных компаний и прослойка людей, богатых даже по международным меркам. Считаю, что пришло время отдать должное народу Казахстана и помогать ему на системной и регулярной основе.
Поэтому Правительству предстоит определить круг компаний и согласовать с ними размер ежегодных взносов в Фонд. Кроме того, ожидаю активного участия и от тех лиц, которые, фактически обладая огромными средствами, находятся в тени. Уверен, Фонд может стать еще одним инструментом консолидации общества, укрепит в гражданах чувство социальной справедливости.
Прошедшие события обнажили острые проблемы, существующие в нашем обществе. Нападения на наши города, родных и близких показали, насколько хрупкими оказались главные ценности нашего государства – мир и стабильность. Мы должны четко понимать, что государство и граждане – это единое целое. Эти понятия неделимые, особенно когда речь идет о безопасности страны.
Баса назар аударуды қажет ететін тағы бір мәселе бар. Көптеген жас азаматымыз Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашады. Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды.
Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу – айрықша миссия. Бұл – Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы. Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек.
Біз – мықты халықпыз. Төл тарихымызда талай жаугершілік заманды, ашаршылықты және басқа да алапат қиындықты бастан өткердік. Соңғы күндердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, бұрынғыдан да мықты боламыз.
В целом, назрела необходимость трансформации взаимоотношений между государством и обществом. Нужен новый формат общественного договора. Казахстан продолжит курс политической модернизации. Это моя принципиальная позиция.
В политической сфере сделано немало. Мною было выдвинуто четыре пакета политических реформ, в рамках реализации которых принято более 10 законов. И в этом плане я благодарен депутатам Мажилиса и Сената за очень оперативную и качественную работу.
Заработало новое по сути законодательство о митингах. Снижен регистрационный барьер для создания партий и порог их прохождения в Парламент. Расширено представительство женщин и молодежи в Мажилисе и маслихатах.
Введен институт парламентской оппозиции, в избирательных бюллетенях появилась графа «против всех». Впервые в истории страны состоялись прямые выборы сельских акимов. Серьезные сдвиги произошли в сфере защиты прав человека. В частности, были декриминализованы и гуманизированы статьи 130 и 174 Уголовного кодекса.
Наша страна присоединилась ко Второму Факультативному протоколу к Международному пакту о гражданских и политических правах. Подписан Указ «О дальнейших мерах Республики Казахстан в области прав человека», направленный на комплексную модернизацию правозащитной сферы. Начал системно укрепляться институт уполномоченного по правам человека. Полностью отменена смертная казнь.
В своем очередном Послании в сентябре я представлю новый пакет политических реформ, который будет подготовлен на основе широкого и конструктивного диалога с гражданским обществом и экспертами. Государство также должно обеспечить полноценное и качественное выполнение своих базовых функций.
Государство должно гарантировать соблюдение законности и правопорядка, защиту прав собственности и безопасности граждан, обеспечивать социальные блага и качественные государственные услуги. В свою очередь бизнес и граждане ответственны за соблюдение законодательства и норм общественного поведения, справедливую уплату налогов и прозрачность в трудовых отношениях.
В этой связи следует сформировать программу последовательных преобразований. Поручаю Правительству совместно с ответственным экспертным сообществом и гражданским обществом подготовить пакет соответствующих предложений. Он будет рассмотрен на одном из заседаний Национального совета общественного доверия.
Уважаемые соотечественники, уважаемые депутаты!
Во время недавних трагических событий абсолютное большинство наших сограждан проявили патриотизм, единство в борьбе с экстремистами. Считаю, что сплоченность народа, искренняя вера в идеи суверенного развития и Независимости Казахстана являются мощным фундаментом для консолидации общества и прогресса нашей страны. Вместе мы преодолеем все трудности. Вместе мы построим новый Казахстан!
Қадірлі отандастар! Қиын күндер артта қалды. Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіремін! Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек. Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет.
Енді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!