Футбол

QJ League Women турнирінің алғашқы матчы қалай өтті

Қазақстанда алғаш рет қыздарға арналған футбол лигасы құрылды.

Қазақстанда жасөспірім қыздарға арналған тұңғыш кәсіби футбол лигасы – QJ League Women өз жұмысын бастады. Жаңа маусымның ашылу салтанаты Павлодардағы Орталық стадионда өтті. Шараға облыс әкімі Асайын Байханов, лига президенті Рохус Шох, инвестор Тимур Турлов және ҚФФ өкілі Давид Лория қатысты.

   Маусым «Әйелдер футболы – жаздан да жарқын» ұранымен басталды. Алғашқы кезеңге еліміздің 8 командасы қатысуда, олардың қатарында – «Ақтөбе», «Астана», «Жетісу», «Қайрат», «Ордабасы», «Тобыл», «Шахтер» және «Ертіс».

Тарихи алғашқы матчта павлодарлық «Ертіс» командасы Қарағандының «Шахтерін» 5:1 есебімен жеңді. Ал лиганың алғашқы голын Елизавета Медведева соқты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button