Футбол

Әлібек Қасым ресми түрде «Ақтөбе» жейдесін киді

23 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым ресми түрде "Ақтөбе" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі.

Алматының «Қайрат» клубының түлегі 2019 жылдан бері Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасында жүр. Жалпы ел премьер-лигасында 38 матч өткізіп, 8 гол соққан. Бір айта кетерлігі, Әлібек өткен маусымда «Қызыл-Жардың» үздік сұрмергені атанған.

Сонымен қатар өткен маусымда ұлттық құрама сапында екі ойын өткізген. Яғни Солтүстік Македония мен Тәжікстанға қарсы кездесуге қатысқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button