Футбол

«Қайратқа» енді «өзбекстандық Месси» келді

Алматының "Қайрат" клубы өзбекстандық футболшы Жасур Жалолиддиновпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі.

«Қайрат» 19 жастағы жартылай қорғаушыны жалға алды. Футболшы 2023 жылдың соңына дейін Ташкенттің «Локомотив» клубымен келісімшартқа отырған.

Жасур Жалолиддинов карьерасын 2019 жылы «Бунёдкор» командасында бастаған. Бір жарымда жылда футболшы 32 матч өткізіп, 3 гол соқты. Сонымен 3 нәтижелі пасы бар. Осыдан соң, 2020 жылы Мәскеудің «Локомотив» клубы өз қатарына қосып алды. Бірақ бірде-бір ойын өткізбей, «Тамбов» командасына жалға берілді. Бірақ ол жақта да ұзақ жүрмеді. Бес айда бар-жоғы бір матчқа қатысып, Өзбекстанға оралды.

Футболшыны отанында «Әндіжан» қабылдады. Ал жазда Ташкенттің «Локомотив» клубының жейдесін киген.

Жалпы, «Қайрат» өз елінде «Месси» атанып кеткен ойыншылар жинауға құмар. «Қырғыз Мессиі» Гүлжігіт Әліқұлов, «Израиль Мессиі» Гай Ассиулинді де алған. Сонымен қатар «Қазақ Мессиі» Еркебұлан Сейдахмет те бар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button